2026 жылғы 22 қыркүйек күні Көкшетау қаласындағы «Айша» бөбекжайында «Үйде сөйле» жобасын іске асыру аясында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған танымдық викторина еткізілді Іс-шараның негізгі мақсаты - балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын кеңейту, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру және қазақ тілін күнделікті қарым-қатынас барысында қолдануға ынталандыру. Сонымен қатар, Балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеуге деген қызығушылығын қалыптастыру, қарапайым сездер мен сөз тіркестерін есте сақталуын жетілдіру және мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі қолданысын ойын арқылы керсету көзделді. Викторина балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызықты әрі интерактивті форматта ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қазақ тіліндегі күнделікті қолданыстағы сездер мен ұғымдарға байланысты танымдық сұрақтар қойылып, түрлі ойын элементтері мен тапсырмалар ұсынылды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, өздерінін қазақ тіліндегі сөздерді білу деңгейін көрсетті және жаңа сөздерді қайталау арқылы сөздік қорларын толықтырды.
22.09.2026
2026 жылғы 22 қыркүйек күні Көкшетау қаласындағы «Айша» бөбекжайында «Үйде сөйле» жобасын іске асыру аясында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған танымдық викторина еткізілді
Іс-шараның негізгі мақсаты - балалардың қазақ тіліндегі сөздік қорын кеңейту, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру және қазақ тілін күнделікті қарым-қатынас барысында қолдануға ынталандыру. Сонымен қатар, Балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеуге деген қызығушылығын қалыптастыру, қарапайым сездер мен сөз тіркестерін есте сақталуын жетілдіру және мемлекеттік тілдің күнделікті өмірдегі қолданысын ойын арқылы керсету көзделді.
Викторина балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қызықты әрі интерактивті форматта ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қазақ тіліндегі күнделікті қолданыстағы сездер мен ұғымдарға байланысты танымдық сұрақтар қойылып, түрлі ойын элементтері мен тапсырмалар ұсынылды. Балалар сұрақтарға жауап беріп, өздерінін қазақ тіліндегі сөздерді білу деңгейін көрсетті және жаңа сөздерді қайталау арқылы сөздік қорларын толықтырды.