«Бабадан қалған асыл сөз» атты әжелер мен немерелер арасындағы тағылымды сайыс

13.10.2026

🇰🇿 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында бөбекжайымызда Әжелер мектебінің мүшелерінің қатысуымен «Бабадан қалған асыл сөз» атты әжелер мен немерелер арасындағы тағылымды сайыс өтті.

✨ Сайыстың басты мақсаты — балалардың сөздік қорын байыту, мақал-мәтелдер мен ұлттық тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру, сахналық мәдениетін дамыту және отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

🎤 Іс - шара барысында қатысушылар:

🌸 «Тегін білген ұл-қыздың өресі биік» кезеңінде өздерін таныстырды;

🌸 «Әжем айтқан асыл сөз» кезеңінде мақал-мәтелдерді жалғастырып, ұлттық тыйым сөздердің мағынасын ашты;

🌸 «Асық ату» ойынында шапшаңдық пен ептіліктерін көрсетті;

🌸 «Өнерлі шебер — өрісі кең» кезеңінде әжелер мен немерелер бірлесіп, өз өнерлерін ортаға салды.

🏆 Іс - шара соңында барлық қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Просмотров: 102


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу